Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы қазақстандық теннисшіге тұрмысқа шығады

4 Сәуір, 09:50 879

Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Олимпиада чемпионы, Ресейдің төрт дүркін жеңімпазы Аделина Сотникова қазақстандық теннисші Дмитрий Попкоға тұрмысқа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен «иә» дедім, - деп жазды Сотникова.

Аделина мен Дмитрий ұзақ уақыт бойы қарым-қатынасы туралы жасырып келді. 2022 жылғы қарашада спортшылар жұбы алғаш рет ата-ана атанып, ұлына Адриан деген есім берді. Сонан соң мәнерлеп сырғанаушы сүйіктісінің кім екенін ашық айтты.

Попко Санкт-Петербургте туғанымен, әлемдік аренада Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Ал Сотникованың Олимпиада чемпионы атағынан бөлек 2013 және 2014 жылдары Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: