Ресейлік инженер өз-өзін өлтірді: ол жасаған зымырын Харьковтегі әжесінің үйіне түскен

29 Қаңтар, 09:00 6441

Ресейде «Алмаз-Антей» зауытының инженері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның бұл әрекетіне зауытта жасалған зымыранның Харьковтегі нағашы әжесі тұратын үйге барып түсуі себеп болған.

Ол өз-өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырған.

Мен, Горобец Антон Игоревич, академик А.А. Расплетин атындағы «Алмаз-Антей» зауытының инженерімін. Бірнеше күн бұрын қолыммен жасаған зымыран Харьковтегі нағашы әжем тұратын үйге түсті, ол қайтыс болды. Мен бұған төзе алмадым, – деп жазған ол хатында.

Дегенмен кейбір мамандар оны біреулер өлтірген болуы мүмкін дегенді айтады.

Қазір терге жұмыстары жүріп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: