Ресейлік блогер: Тіл үйренудегі мақсатым - Президентпен кездесу және қазақша ән айту

22 Қыркүйек 2022, 12:35 1636

орыс жігіті әлеуметтік желіде Қазақстан туралы өз ойымен, көрген-білгенімен бөлісіп келеді

Евгений Курчанов есімді вологдалық блогер Алматыға табан тірегелі төрт айдан асқан, деп хабарлайды El.kz

Осы уақыт ішінде орыс жігіті әлеуметтік желіде Қазақстан туралы өз ойымен, көрген-білгенімен бөлісіп келеді.

Сондай-ақ еліміздің банк жүйесі мен такси қызметі де көңілінен шыққан. Ал Алматы маңындағы тұмса табиғат «Швейцарияға бергісіз», - деп тамсанады ресейлік. 

Ұлттық тағамдардан да ауыз тиіп үлгерген Евгений қазақ тілін де үйреніп жүр. Ол дәмхана, мейрамханаларда даяшылардың өзімен тек мемлекеттік тілде сөйлесуін сұрайды. Толығырақ видеодан көріңіздер. 


Бөлісу: