Ресейлік Amber электр көлігінің алғашқы суреті жарияланды

19 Желтоқсан 2023, 17:44 2982

Калининградтағы "Автотор" зауыты Amber электр көлігінің прототипін жасап шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Amber брендімен ресейлік электромобильдердің сериялық шығарылымы 2025 жылы басталады.

Электромобильдер шығарылатын жаңа зауыт құруға салынған инвестиция көлемі 3,97 миллиард рубльді құрайды. Зауыттан жылына 50 мың электрокарға дейін шығарылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, желіде аязда жолда қатып қалған электромобильдердің видеосы таралған еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: