Ресейдің Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысының аумағында болуы мүмкін лаңкестік әрекеттердің алдын алу мақсатында терроризмге қарсы операция жағдайы орнатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ресейлік БАҚ-тардың жазуынша, қазір астана көшелерінда әскери техникалар байқалады.
Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысының аумағында болуы мүмкін лаңкестік әрекеттердің алдын алу мақсатында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді", - деп хабарлады Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің ақпараттық орталығы.
Бүгін Ресейдің Ростов қаласында "Вагнер" жалдамалы әскерінің сарбаздары басып алғаны айтылды. Ал елдің қорғаныс министрлігі "Вагнер" лагерлеріне шабуыл жасалғаны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
Министрліктің хабарлауынша, ресейлік әскер Украина армиясымен түйісу шебінде жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқан көрінеді.