Ресейдің 492 мың азаматы қазақстандық банктерден шот ашқан

28 Наурыз 2023, 17:40 1637

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2023 жылдың 1 наурыздағы жағдайы бойынша 492 мың Ресейдің резиденті қазақстандық банктерде адамның шот ашты. Бұл шоттарда 1,4 трлн теңге ақша бар. 2022 жылғы 1 ақпанда 157 мың адам болған. Яғни, шот ашушылар саны 492 мыңға көбейген. 151 млрд теңгеден 1,4 трлн теңгеге өсіп отыр. Бұл Ресейден ақша келіп жатса, біздің экономикаға оң әсерін беріп жатыр деген сөз, - деді Олжас Қизатов.

Оның айтуынша, банк секторы капиталдандыру көрсеткіштері бойынша да, өтімділік көрсеткіштері бойынша да үлкен беріктік қорын көрсетіп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: