Ресейден Қазақстанға аң күшіктерін алып өтпек болған азамат ұсталды

8 Шілде 2023, 12:48 839

Ресей кеденшілері шекарада үш айлық жолбарыс пен арыстан күшіктерін Қазақстанға заңсыз әкету оқиғасының алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Африкалық аң күшіктерін Ресейдің Астрахан облысындағы «Қараөзек» өткізу бекетінде жолаушылар көлігін тексеру кезінде анықталды. 60 жастағы көлік жүргізушісі оларды көліктің артқы орындығындағы пластик тасымалдағышпен алып шықпақ ниеті жүзеге аспады. 

Аңдардың алып жүру бойынша рұқсат құжаттары болмаған. Күшіктерді Шешенстан Республикасынан сатып алып, қазақстандық жеке хайуанаттар бағына сатуды жоспарлаған көрінеді.

Жануарлар тәркіленіп, қолайлы жерде уақытша ұстауға беріледі. Контрабанда  дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда, - деп жазылған РФ Федералды кеден қызметі таратқан ақпаратта. 

Асқар Таудай
Бөлісу: