Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды

18 Қараша, 09:36 353

Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып,  ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.

Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды. Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: