Ресейдің Камчаткасында Шивелуча жанартауы атқылап, өңірде авиация кодының «қызыл» деңгейі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресей ғылым академиясының мәліметінше, жанартаудың күлі шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 492 км қашықтыққа жеткен.
«Қызыл» түсті авиация коды жарияланды. Жанартау жергілікті және халықаралық әуе тасымалдары үшін қауіпті, - делінген мәліметте.
Шивелуча жанартауы Тынық мұхитта болған жер сілкінісінен соң атқылай бастаған. Жанартаудан шашыраған күл теңіз деңгейінен 8 км биіктікке көтерілген деген болжам бар.