Ресейде военкоматты өртеген қазақстандық 13 жылға сотталды

5 Мамыр 2023, 00:05 770

Қазақстан азаматы Аңсаған Молдахметов Омбыдағы әскери ғимаратты өртемек болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Аңсаған Молдахметовтың айтуынша, ол 2022 жылдың мамыр айында Telegram мессенджерінде анонимді қолданушыдан «биліктің қызметін тұрақсыздандыру және тәртіпті бұзу үшін әскери комиссариат ғимаратын өртеп жіберу» туралы ұсыныс алады. Белгісіз біреу оған бұл тапсырма үшін 6 миллион теңге ұсынған. 

Тергеу барысында анықталғандай, ол Омбы қаласына досы Сейіл Мұратұлымен бірге келген. Олар тапсырыс берушінің нұсқауы бойынша «Молотов коктейльдерін» дайындаған. Сөйтіп түнде ғимаратты өртеп, қашып кеткен. Молдахметов Қазақстан аумағынан Ресейге өтпек болған кезде ұсталса, Мұратұлына мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Берік Арманов
Бөлісу: