Ресейде Қазақстанға қарағанда азық-түлік бағасы неге арзан? Министр жауап берді

4 Қыркүйек, 14:37 454

Қазақстан мен көрші Ресейдегі азық-түлік бағасының айырмашылығына қатысты сұраққа Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден Ресейде Қазақстанға қарағанда азық-түлік арзандығын айтып, елдегі қымбатшылыққа қатысты ойын сұрады.

Біз әлеуметтік маңызы бар тауарды айтатын болсақ, осы жазда алғаш рет дефляция байқалады. Бағаның индексі 0,1-0,2 пайызға дейін төмендеген. Мысалы, өткен айда әлеуметтік маңызы бар тауарлар 0,1 пайызға төмендеді. Басқа азық-түлік тауарларын алатын болсақ, ерекше қымбаттағаны, арзандағаны бар. Негізінде бізде азық-түлік инфляция төмен деңгейде байқалады. Олардың индексі бізге қарағанда жоғары, - деп жауап берді Арман Шаққалиев.

Миражан Махан
Бөлісу: