3 Қыркүйек 2014, 13:38
Кейде Абылай Құлекенi Құлсарымен бiрге саяси мәнi бар ресми iстердi бiтiрiп келуi үшiн өз атынан жұмсап отырған. 1753 жылы наурыз айында Абылай Құлсары, Құлеке батырларды жоңғар шапқыншыларына қарсы көмек сұрауға Орта жүз Атығай руының атынан Троицк қорғанына елшiлiкке жiбередi (Сонда, 675- бет). Сол жылғы сәуiрдiң 19ында жазылған документте Құлеке батырдың сол жылдың жазында Абылайдың орнына Троицк қорғанына немесе Орынбор қаласына баратыны жайында келiсiм бергенi айтылған (Сонда, 614-бет).
Ресейдiң сыртқы iстер алқасының Орынбор губернаторы А. Давыдовқа 1760 жылғы 18 шiлдеде берген жарлығында Құлеке батырдың қазақ iшiнде аса атақты, беделдi адам екендiгi айтылып, онымен жақсы қатынаста тұру керектiгi, лайықты сый көрсетiлуi қажеттiгi ескертiледi.
Аталған кiтаптағы («Русскоказахские отношения…») 240 документте «өте құпия» деген айдармен Ф. Гордеев деген аудармашының Троицк бекiнiсiнiң коменданты П. Роденге Абылай сұлтанның ордасына Орта жүз қазақтарының Қытаймен қарымқатынасын байқауға барғаны туралы 1761 жылдың 3 шiлдесiнде жазған рапорты берiлген. Ендi әлгi рапортты сол қалпында орыс тiлiнде келтiрейiк: «Первое. По отправлении от Вашего высокородия минувшего мая от 26го числа, июня 22го дня к Абылай султану я прибыл и письмо Вашего высокородия ему, Абылаю, отдал, которое того ж дня при собрании довольного числа киргизов и при мне через ево, Аблаева, писаря прочтено, которой, как тем письмом и присылкою меня был доволен. Посланные ж со мною к старшинам Кулсаре и Кулеке батырами Вашего высокородия письма им персонально не вручен затем, что до прибытия моего к ним за десять дней уехали они из домов своих во отдаленные крайние Среднего же орды Аблаева владения, кочующие близграницы калмыцкой впустеоставшей землицы киргизкайсацкие улусы для разбирательства учинившегося между двух киргизцов смертного убийства» (Сонда, 620бет).
Бұл құжаттан Құлекенiң орыс чиновниктерiнiң алдында беделдi екенiн көремiз және оның орыс тiлiн бiрсыдырғы бiлгенi де анық.
Құлекенiң Ресей үкiметiне беделдi екенiн Сiбiр әскерлерiнiң командирi генералпоручик И. Шпрингердiң сыртқы iстер алқасына 1764 жылғы 16 қарашада жазған мына рапортынан да көремiз.
«…В 17611764 г.г. Султану Абылаю ежегодно только из крепости святого Петра отпускалось 212 пудов зерна, муки, хлеба. Его брату султану Юлбарсу, батырам Кулсары и Куляки за это же время выдавалось по 100 пудов в год» (В.Я. Басин. Россия и казахские ханства в ХVI-ХVIII в.в. – Алма-Ата, 1971 г. – Стр. 204).