Ресей WhatsApp-ты бұғаттауы мүмкін

15 Қыркүйек 2023, 10:40 764

Егер Ресейде Telegram арналарына ұқсас WhatsApp арналар пайда болса, аталған әлеуметтік желі бұғатталуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Егер WhatsApp-та тыйым салынған ақпараты бар арналар пайда болса, Ресей билігі оны бұғаттауы мүмкін. Мұны «Роскомнадзор» растады. Мемлекеттік Думаның ақпараттық саясат комитетінің басшысы Александр Хинштейн өзінің Telegram-арнасында, егер WhatsApp орыс тіліндегі ақпараттық арналарды іске қосса, бұл мессенджерге деген көзқарас өзгеріп, оны бұғаттауға дейін әкеп соғуы мүмкін.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: