Ресей қорғаныс министрі Солтүстік Кореяға барды

26 Шілде 2023, 14:50 738

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу бастаған ресейлік делегация Солтүстік Кореяға барып, Пхеньянда өтетін Жеңіс күніне арналған шеруге қатысады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министлігінің өкілдері 1950-53 жылдардағы азаматтық соғыстағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Пхеньянға ресейліктерден бөлек Қытайдан да делегация барған. 

Бұл іссапар Ресей-Солтүстік Корея әскери байланысын нығайтып, екі ел арасындағы серіктестікте маңызды кезең болады деп сенеміз, - делінген РФ Қорғаныс министрлігінің сайтында.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: