Ресей клубы қазақстандық футболшымен келісімшартты бұзды

5 Қаңтар, 13:31 1311

Ресейдің «Ахмат» клубының спорттық директоры Руслан Газаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров командадан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Басшының сөзіне қарағанда, келісімшарт екі тараптың өзара келісімі бойынша бұзылады. Ал Быстров жаңа командаға еркін агент ретінде қосыла алады.

Мамандардың айтуынша, 31 жастағы отандық футболшының трансферлік құны 700 мың еуроны құрайды.

Айта кетейік, ұлттық құрама мүшесі «Ахмат» сапына 2020 жылдың тамызында қосылды.

Ал осы маусымда Марат Быстров 7 матчқа қатысып, ешқандай жақсы нәтиже көрсете алмаған жоқ.

Бұған дейін футболшы Ресейдің «Металлург», «Челябинск», «Тамбов» және еліміздің «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» клубтарында ойнаған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: