Ресей алғаш рет Айға миссиясын ұшырады

18 Шілде 2023, 10:15 828

Қазіргі Ресей тарихындағы алғашқы миссия 11 тамызда Айға ұшырылады, қосалқы мерзім – 12 тамыз. Бұл туралы РҒА Ғарыштық зерттеулер институтының ядролық планетология бөлімінің жетекшісі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маусымда RocketTrip туроператоры «Луна-25» автоматты станциясы 11 тамызда «Шығыс» ғарыш айлағынан ұшады деп жоспарланғанын хабарлады.

«Луна-25» Жердің табиғи серігіне ұшатын қазіргі Ресей тарихындағы алғашқы аппарат болмақ.

Шілдеде аппарат Восточный ғарыш айлағына жеткізілді.

Жоба мақсаты – Айдың оңтүстік полюсі ауданына зерттеу жүргізу үшін автоматты зонд жіберу. Модуль Богуславский кратеріне жақын маңға қонады деп жоспарланған.

Бұған дейін Роскосмос баспасөз қызметі журналистерге миссияны ұшыру оның тиімділігін арттыру үшін шілдеден тамызға ауыстырылғанын хабарлады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: