Репрессия құрбандарының 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкасы құпиясыздандырылды

18 Қыркүйек 2023, 09:42 881

Қазақстанда 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент мұрағатына өткізілді, кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.

65 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі.

311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: