Рекорд: Нұрдәулет Жұмағали - Азия пара ойындарының екі дүркін чемпионы

27 Қазан 2023, 17:00 940

Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали жүзуден алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 200 метр қашықтықты 2:16:74-де жүзіп өтіп, Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

Нұрдәулетті осы жетістігімен құттықтаймын! Бүгін біздің чемпионымызға тең келетін ешкім болған жоқ. Оған еліміздің туы астында жеңіс жолын жалғастырып, отандастарын жарқын жеңістерімен қуантуын тілеймін!  - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: