Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш жылдық саяси реформаларын қорытындылау жиынында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгін үш жыл бойы жүргізілген саяси реформаларды қорытындыладық. Яғни үш жылда қандай жұмыс атқарылды? Қандай нәтижеге жеттік? Біріншіден, мынаны түсінуіміз керек. Реформа үш жыл жүргізіліп келе жатқанымен, ол бірден нәтиже бермейді. Бүгін біз реформа жасадық делік. Ертеңінде біз одан үлкен нәтиже күтпеуіміз керек. Неге? Өйткені кез келген реформаның ең алғаш заңнамалық негізі салынады,-деді сарапшы.
Оның айтуынша, заң қабылданады, заңға өзгерістер енгізіледі, сосын ол жүзеге асады. Реформа - үзіліссіз үнемі жүретін процесс. Бес жылда немесе үш жылда нәтижесі болмайды. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, реформаның алғашқы нәтижелерін көру үшін шамамен 10-15 жыл уақыт керек.
2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін сайлай бастадық. Бұл - 2025 жылға дейін барлық ауыл әкімдерін жаңартып шығамыз деген сөз. Ауыл әкімдеріне қатысты заңнаманы әрі қарай жетілдіруіміз мүмкін. Неге? Өйткені төрт жылда цикл бітеді. Оны жүргізу үшін де дайындық керек. Одан бөлек, бұрын комиссия партиясына тіркеу үшін жиырма мың қол ұтылысы қажет болатын. Қазір бес мың қол ұтылысы жеткілікті. Одан бөлек, Парламентке өту үшін 7 пайыз меже болатын. Қазір 5 пайыз төмендетіп қойды. Бұрын мәслихаттарға тек партия тізімінен өтетін еді. Қазір 50/50 пайыз,-деп түсіндірді Алуа Жолдыбаева.