Референдумнан соң үкімет құрамы өзгере ме? Тоқаев жауап берді

6 Қазан, 10:01 1214

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі үкіметтің жұмысына баға берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысынан «Қазіргі үкіметтің жұмыс істеп жатқанына 7 ай болды. Референдумнан соң оның құрамында өзгерістер болуы мүмкін екендігі туралы болжам бар. Сіздің үкіметтің жұмысына көңіліңіз тола ма?» - деген сұрақ қойылды.

Меніңше, үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр, мемлекет басшысы ретінде мен берген тапсырмаларды орындауға тырысуда. Біздің жұмысымыз өте қауырт, оның бәрі бұқаралық ақпарат өкілдеріне көріне бермеуі мүмкін. Ақпарат аламын, барлығынан хабардармын, министрліктер мен үкімет жұмысының кем-кетіктерін айтып отырамын. Бірақ 7 ай дегеніміз көп уақыт емес. Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі керек. Басты міндет – еліміздің экономикалық өсімінің қайнар көздерін табу, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Әлихан Смайыловтың үкіметі отставкаға кетті. Ал бұл қызметке Олжас Бектенов тағайындалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: