Референдумнан кейін елде өзгеріс болғаны байқалады – шетелдік журналист

20 Қараша 2022, 19:32 989

Телемарафонда шет елден келген журналистер өз пікірін білдірді

Кезектен тыс Президенттік сайлауға шет елден 641 байқаушы және әлемнің 38 елінен БАҚ өкілдері келді. Еліміздегі тарихи кезеңді өз елдеріне жеткізіп, ақпараттандырып отырған журналистер қазақстандықтарға алғысын білдіріп, сайлаудың ұйымдастырылуы жоғары деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Егемендікті нығайту жолында жасалып жатқан мемлекеттік шаралардың әрқайсысына қоғамның ат салысуы әр азаматтың жауапкершілігін көрсетеді. Баспасөз турына қатысқан шетелдік әріптестеріміз де халықтың мемлекет болашағына бейжай қарамайтынына көзіміз жетті дейді.

«Маусым айында өткен Референдумға қатысып, Жаңа Қазақстан құруға арналған шешімдерді естіп кетіп едім. Осы келгенімде бірден өзгерістер пайда болғанын байқадым. Аз уақыт ішінде біршама мәселелердің шешім тапқаны – қоғам мен мемлекеттің тұтастығын көрсетті. Қазақстандықтарға алғысымды айтамын. Рахмет!», – дейді «lituovas rytas» газетінің бас редакторы Русланас Ирзикевичус.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: