Референдумда шетелдегі қазақстандықтар 59 елде дауыс бере алады

4 Қазан, 12:29 537

6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпыреспубликалық референдум өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 59 шет мемлекетте 74 референдум учаскесі құрылды.

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары референдум учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

ҚР-дың шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2024 жылғы 6 қазан, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: