Референдумда дауыс беру үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалады

3 Қыркүйек, 15:27 406

Алдағы уақытта референдумда дауыс беру үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасалмақ. Мәселен, нашар көретін, естуінде қабілетінде және қимыл-тірек аппаратында проблемасы бар азаматтардың жағдайы ескеріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дауыс беру орындарын жабдықтау кезінде жергілікті атқарушы органдардың тарапынан осы жағдайлар ескеріліп, материалды-техникалық тұрғыдан жабдықтау шараларын қолға алу жүктелді, - деп мәлімдеді Референдумның орталық комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Сондай-ақ, әкімдіктерге тұрғындарға өздерін сайлаушылар тізімінен тексеріп, әртүрлі сервистер арқылы сайлау учаскесін біліп алатындай мүмкіндік жасау ұсынылды. Мәселен, халыққа қолжетімді болу үшін өзекті ақпаратты қамтитын колл-орталықтарды жасақтау тапсырылды. Түрлі чат-бот пен телеграм-боттар құрылып, тұрғындардың өз сайлау учаскелерін оңай таба алуына жағдай жасалу қажеттігі айтылды.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: