Референдум: Ұлттық құраманың футболшылары Аустрияда дауыс берді

Бүгiн, 19:01 163

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасы аясындағы кезекті тур ойынын өткізу үшін Аустрия астанасы Вена қаласына аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық футболшылар мен құрам мүшелері Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде ұйымдастырылған референдум учаскесіне барып, дауыс берді.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев та жалпы халықтық референдумда дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Зарина Арман
Бөлісу: