Референдум: Ерболат Досаев дауыс берді

6 Қазан, 09:19 529

Алматы әкімі Ерболат Досаев АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда дауыс беру үшін барып, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша  өңірде барлық 10 249 учаске дауыс беруге кірісті. 84 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: