Референдум барысында екі заң бұзу фактісі анықталды – Бас прокуратура

6 Қазан, 17:01 551

Қоғамдық мүддерлерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Бекжан Қарамановтың айтуынша, республикалық референдум процесі қалыпты жағдайда өтуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгін бұзушылықтың екі фактісі анықталды. Біріншісі жеке тұлғаның қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізуіне қатысты. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Оған тиіссі айыппұл салынды. Екіншісі - заңсыз үгіт. Мұнда азаматтық адамға осы Кодекстің 102-бабы бойынша айыппұл салынды. Екі жағдайда да құқық бұзушылар өз кінәсін мойындады, - деді спикер.

Бас прокуратура өкілі референдумға қатысушылардың барлығының назарын дауыс беру күні, яғни, 6 қазанда осындай сауалнамаларды таратуға және кез келген үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салып өтті.

Қазіргі уақытта прокуратураларға референдумға қатысты өтініштер мен соттарға талап арыздар түскен жоқ, - деді Бекжан Қараманов.

ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, елдегі қоғамдық ахуал тұрақты, қандай да бір өрескел бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Полицияның жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камераларын пайдалана отырып, көшелер мен дауыс беру орындарын бақылау жалғасуда. Азаматтардың немесе дауыс беру комиссияларының кез келген өтініш-шағымдарына ішкі істер органдары жедел ден қойып, тиісті шаралар қабылдайды, - деді Шыңғыс Алекешев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: