Референдум: Алғашқылардың бірі болып Үкімет басшысы өз таңдауын жасады

6 Қазан, 07:36 386

АЭС салуға қатысты референдумда Премьер-министр Олжас Бектенов алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы Астана қаласындағы Оқушылар сарайында орналасқан №61 учаскеде дауыс берді. 

Айта кетсек, жергілікті уақытпен сағат 7.00-ден бастап ел аумағындағы барлық референдум учаскелері өз жұмысын бастады. Елімізде 12 244 683 адам референдумда өз таңдауын жасау құқығына ие.

Перизат Саденова
Бөлісу: