«Реалдың» бразилиялық шабуылшысы Родриго Чемпиондар лигасы аясында «Наполимен» өткен ойыннан соң (4:2) тілшілердің Мессимен болған кикілжіңіне қатысты сауалына жауап бермек болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Бразилия мен Аргентина құрамалары өзара кездесіп, оның арты жанкүйерлер арасындағы төбелеске ұласты.
«Месси? Маған ол туралы айтуға болмайды, себебі «Реал» маған тыйым салған, - деді бразилиялық Madrid Xtr-ге берген сұхбатында.
Осыдан соң оны бірден тілшілердің алдынан алып кеткен.
Бразилия мен Аргентина арасындағы ойын (0:1) 22 қарашада өтті. Жанкүйерлер жаппай төбелес ұйымдастырып, аргентиналық футболшылар бірден алаңнан кетуге мәжбүр болды. Қайта оралған соң Родриго қарсыластарын «қорқақ» деп атады. Бұған ашуланған Месси оның жағасынан алып: «Біз бе қорқақ, біз әлем чемпионымыз. Тіліңе ие бол», - деп жауап қатқан.