«Реал» сенсациялық жеңіліске ұшырады

Бүгiн, 10:35 159

УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Испанияның «Реал» клубы сенсациялық жеңіліске ұшырады. Мадрид командасы сырт алаңда француздың «Лилль» клубымен кездесті. Алаң иелерінен Джонатан Дэвид 45+3 минутта мергендік танытып, осы есеп ойын соңына дейін сақталды.

«Реал» маусымда алғаш рет жеңіліп отыр. Мадридтің тағы бір алып «Атлетико» сырт алаңда португалиялық «Бенфикаға» ірі есеппен ұтылды. Лиссабондықтар жауапсыз төрт бірдеу гол соқты: Керем Актюркоглу (13 минут), Анхель Ди Мария (52, пенальтиден), Александр Бах (75) және Оркун Кекчю (84, пенальтиден).

Ал немістің «Бавариясы» ағылшынның «Астон Вилласына» есе жіберді. Жалғыз голды 79-минутта Джон Дуран салды.

Матчтардың нәтижелері:

«Жирона» (Испания) — «Фейеноорд» (Нидерланд). 2:3

Шахтер» (Украина) — «Аталанта» (Италия). 0:3

Штурм» (Австрия) — «Брюгге» (Бельгия). 0:1

«Ливерпуль» (Англия) — «Болонья» (Италия). 2:0

«Астон Вилла» (Англия) — «Бавария» (Германия). 1:0

«Лилль» (Франция) — «Реал» (Испания). 1:0

«Бенфика» (Португалия) — «Атлетико» (Испания). 4:0

«РБ Лейпциг» (Германия) — «Ювентус» (Италия). 2:3

«Динамо Загреб» (Хорватия) — «Монако» (Франция). 2:2

Мадина Асылбекова
Бөлісу: