«Реал Мадридтің» президенті Флорентино Перес Криштиану Роналдуға клубта жұмыс істеу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
38 жастағы Роналду қазір Сауд Арабиясының «Әл-Наср» сапында өнер көрсетіп жүр. «Корольдік» клуб басшысы Португалия құрамасының капитанына «Реалға» оралу туралы ұсыныс жасаған.
Перес Криштиануға клуб елшісі немесе «Реал Мадрид» спорттық ұйымының мүшесі болуды ұсынған.
Дегенмен Роналдудың маусымның соңында «Әл-Насрдан» кетуі екіталай. Ол «Әл-Наср» сапында 14 ойында 11 гол соқты.
Ал карьерасын аяқтаған соң «Реалдағы» қызметке баруы әбден мүмкін.