«Реал Мадрид» өз стадионында 1000-жеңісіне қол жеткізді

22 Қаңтар, 12:43 1187

Мадридтің «Реал» клубы Ла лиганың 21-турының матчында «Альмерияны» 3:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілші Педро Мартиннің мәліметінше, «корольдік» клуб «Сантьяго Бернабеу» стадионында (1297 матч өткізген) 1000-жеңісіне қол жеткізді.

Тілші Ла Лига командалары арасында кім көбірек жеңіске жеткені туралы статистика келтірді:

«Реал» («Сантьяго» стадионында) — 1000 (1297 матч);

«Валенсия» («Месталье» стадионында) — 889 (1455);

«Барселона» («Камп Ноу» стадионында) — 823 (1175).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: