«Райымбек! Райымбек!»

5 Қазан 2015, 07:09

«Райымбек! Райымбек!»

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «АССИТЕЖ» дүниежүзілік ассоциациясының Қазақстандағы орталығы болып жарияланды. Әлемнің 83 мемлекеті қатысатын бұл ұйымға Қазақстанның өнер ошақтары 84-ші болып қабылданды.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Райымбек! Райымбек!» қойылымының премьерасы өтеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын халыққа арнаған Жолдауында «жалпы қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беру» міндетін қойды.

Елбасының алға қойған бұл мақсат-міндетін жүзеге асыруға театр жан-жақты атсалысып келеді.

АССИТЕЖ – дүние жүзіндегі балалар мен жасөспірімдер театрларымен біріге жұмыс істеп, тәжірибе, ұлттық дәстүрлермен алмасуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, театрымыздың артистер тобы жас буын өкілдермен толығуда. «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы дүйім жұртқа етене таныс Асылхан Төлепов пен Аян Өтепбергендерді жаңа маусымда қойылымдардан көретін боласыздар.

Театрымыз мерейтойлық 70-ші маусымының ашылуына 2 бірдей Премьераны көрермен назарына ұсынбақ. Осыған орай, театрдың үстіміздегі жылдың жетістіктері және алдағы 70 жылдық мерейтойымыздың қарсаңындағы атқарылатын жоспарлар жайында театр директоры – Сәбит Әбдіқалықов, көркемдік жетекші – Мұрат Ахманов, әдебиет бөлімінің меңгерушісі – Бақыт Беделхан, театр артистері Роза Әшірбекова, Лидия Кәден, Еркін Әбдірешовтің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтеді.


Әзірлеген: Досжан Мейірім

Бөлісу: