Рамзан Кадыров комада жатқаны рас па? Песков жауап берді

18 Қыркүйек 2023, 18:28 1977

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльде Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың денсаулығына қатысты ешқандай ақпарат жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін украин басылымдары Кадыровтың комада жатқаны жайлы мәлімет таратқан. Осыдан соң Кадыровтың өзі байланысқа шығып, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.  

Бізде бұған қатысты ешқандай ақпарат жоқ. Қалай болғанда да президент әкімшілігі оның денсаулығына қатысты ақпарат бере алмайды. Сондықтан бұл жерде ештеңе айта алмаймын, - деді Песков.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: