Рамазан – айлардың сұлтаны

30 Наурыз 2022, 12:12 7320

Ораза – жанның азығы, тәннің шипасы

Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіту тек рухани тұрғыдан ғана емес, адамның денсаулығына да үлкен пайдасы бар. Оразаның медициналық пайдасы қандай? Ағзада қандай өзгерістер болады? Оразада дұрыс тамақтану туралы нутрицолог-диетолог Майра Базарбайқызымен әңгімелескен болатынбыз. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы ораза ұстаған жандар Рамазан айы туралы пікірлерімен бөлісті.


Ұзақ жылдар бойы ораза ұстаған жандар

Айдын Әліқызы, зейнеткер:

–   Он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол Рамазан айын, оразаны асыға күтемін. Биыл Ораза ұстағаныма 28 жыл болды. Бұл қасиетті айға арнайы дайындық жасаймын. Ас мәзіріне де ерекше көңіл бөлемін. Ескінің ұмытылып бара жатқан тағамы жұқпа дайындаймын. Жұқпа – тоқ жүргізетін ас. Ауызды үнемі құрмамен ашамын. Ол – үлкен сауап. Әркімнің өз шаңырағында, отбасы мүшелерімен бірге оқылатын тарауих намазын оқимын. Уақыт көші жылжыған сайын жасарып, жаңара түсетін, қартаймайтын қасиетке ие болған Құран кітапты оқуды әдетке айналдырғанмын. Діни, иманыңды арттыратын теле бағдарламаларды жиі көремін. Ертеректе бүгінгідей техника мен технология дамымай тұрған кезде оразаның кестелері сатылатын еді. Сол кестелерді алып пайдаланатынбыз. Қазір барлығы телефонда бар. Тіпті басқа ауылдағы ораза ұстайтын үлкен кісілер оразада жаңа киімдерін киіп, жаңа киім алып дайындалатынын да көрдім. Бұл айды ерекше мереке десек болады. Жалпы оразада адамның ағзасы тазаланып, өте қатты жеңілдеп қаласың. Сондықтан мейірімділік пен ізігілікке жетелейтін қасиетті айды ерекше етіп өткізу керек, – дейді зейнеткер.


Жолдас Жұмахметұлы, мешіт тазалықшысы:

– Мен оразаны 40 жасымнан бастап ұстаймын. Аллаға шүкір! Бес уақыт намаз оқимын. Ораза ұстау – барша мұсылман бауырларымызға парыз. Өзім Түркістан облысы Жетісай қаласы Құдайберген ата деген ауылдың тумасымын. Біздің аймақта солтүстік өңірлердегідей салқын емес, күн өте ыстық. Екі-үш күн шөл қысқаннан кейін үйреніп кетесің. Ауылымыз үлкен. Барлығымыз бір-бірімізді шақырып, ауызашар беріледі. Ауызашарда тағылымы мол әңгімелер мен уағыз айтамыз. Мешітке барып, тауарих намаздарын оқитынбыз. Оразаның денсаулыққа пайдасы көп. Асқазанымыз демалады. Өзіңді жақсы сезінесің. Жалпы адамды қорғайтын періштелер болады. Солардың қорғауында боламыз. Жақсы іс істеуге, жақсы сөз сөйлеуге, арам, жаман пиғылдардан аулақ боласың. Екі адам ұрсысып қалса, екіншісі үнемей қалғаны дұрыс. Жалпы мұсылман адамға көркем мінез жарасады. Ораза ұстаған адам жақсы қасиеттер мен жақсы мінездерге ие болады, – дейді ағамыз.


 Бақытжан Өткелбаев, Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы:

– Мен алғаш рет оразаны бала күнімде ұстағанмын. Оразаны үзбей отыз күн ұстап келе жатқаныма 24 жыл болып қалды. Бала күнімізде 90-шы жылдары мешіттер ашылып, дінімізге еркіндік беріліп жатқан кезеңдер болатын. Сол кездері мешіттердің жанында дәріс беретін сауат ашу курстары болды. Сонда үлкен ақсақалдар мен имамдар әңгімелерін тыңдап, әр намаздан кейін небір діни қиссаларды айтатын. Менің атам, әкем өзі имам болған соң ағаларым, інілерім осы салады қызмет еткен. Бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келеді. Ораза ұстау ешқашан қиын болып көрінбейтін. Оразаның пайдасы өте көп. Негізі Рамазан айы – ауызбіршіліктің айы. Тек қана құлшылық емес, ел мен елді, халық пен халықты, жамағатты, ағайын-туысқанды біріктіретін, басын қосатын ай. Барлық жақын адамдар бір-бірін 30 күн бойы ауызашарға шақырады. Емін-еркін отырып әңгімелеседі. Бала күнімізде әрбір ауылда 30 күн бойы, 30 үй жамағатты бір күнде бірнеше үй бөлініп барып, құранын оқып, бағыштап бата беріп, қызықты етіп өткізетінбіз. Рамазан айын мерке десек те болады. Медициналық жағынан да пайдасы көп, – дейді Бақытжан Өткелбаев.


Рамазан айы құлшылық мақсатында болуы керек. Рухани тұрғыдан оның әлеуметтік, қоғамдық, экономикалық тұрғысынан да қаншама пайдалары көп. Рамазанда тағамды ысырап қылмау, бет-алды шашпау керек. Біреулер таңертең жайылған дастарханы кешке дейін жиналмайды.


Ораза – рухани тәрбие айы. Ең бастысы адамның нәпсісін тәрбиелеу. Алла тағалаға жақындайтын айда күнәлардан арылуға үлкен мүмкіндік ( Күнәнің үлкен кішісі болмайды). Сонымен қатар Рамазан күдікті нәрселерден нәпсіні рухани тәрбиелейтін6 ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелейтін ай. Жаман ой ойлаудан, ұрсысудан арылатын ай. Ауыз бекіткен адам біреумен ренжісіп қалса, ол тек қана аш қалады, сауабынан құр қалады. Негізгі мақсат аш қалуда емес, ол нәпсіні тәрбиелеу. Үлкен ғалымдар бұрын өзінің тіліне, көзіне, құлағына ораза ұстаған. Ондағы мақсат – адамдар ішіп-жеуден ғана тиылып қоймай, ғайбат естуден, біреуді тілімен өсек-аяң айтудан, ғайбаттаудан жамандаудан сақтайды. Көзімен жаман харам нәрселерді көрмеуден сақтау арқылы рухани тұрғыдан да ораза ұстайтын болған. Ораза адамды кемелдікке жеткізеді. Адам тәрбиеленеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір сөзінде: « Рамазан айында ораза ұстап, Алланың кешіріміне бөленбеген адам оразаның бүкіл сауабынан мақрұм қалған адам», – дейді. Сол үшін ораза айында Рамазанаға жеткен бар, жетпеген бар. Қолдан келгенше бүкіл мұсылманның баласы рухани тұрғыдан оразаның барлық шарттарын орындап, тіліне, көзіне және құлағына да ораза ұстап, жақсылықта жарысып рухани кемелденуі керек. Ораза қайырымдылық жасайтын, жоқ-жітікке, жетім мен жесірге қарайласатын, қамқор болатын ай.

Ораза – бірліктің айы. Рамазан айы – Құран айы. Адам көбірек құран оқуы керек. Мейлі кирилицадан, мейлі арабша болсын, діни кітаптар оқып, өзінің діни блімінін жоғарылатын ай. Және бұл айда біздің құлшылық жасауға Алланың алдында мәртебеміздің көтерілуіне Алланың разылығын табуымызға үлкен мүмкіншілік бар. Себебі бұл айда шайтандар шынжырланады. Алланың әмірімен періштелер жер бетіне түседі. Елдің барлығы Алла нұрын төгіп тұрған қасиетті айда ораза ұстап, жақсылыққа жарысып жатқан кезде ол да бізге әсер етеді. Басқа айлардан ерекшелігі сол. Адам өзінің нәпсісін тәрбиелеп, рухани кемелденетін болса, ол басқа айларға да әсер етеді.


Рамазан айы – шынында да асқазанға демалыс беріп, тазаратын ай. Рамазана айы – жаман мінез-құлықтан арылатын ай. Көп кісілер осы айдан кейін жақсы жаққа өзгеріп шығады. Жағымсыз зиянды қасиеттерінен арылады. Рамазан айында келесі Рамазанға Алла тағаладан жеткізсін деп ниет етеміз. Бірақ осы Рамазанға бізді Алла тағала жеткізген екен. Бұл қаншама шүкіршілік етсек те аз. Шүкіршілік деген сөзде ғана болмауы керек. Ол біздің іс-әрекетімізде, құлшылығымызда, іс-әрекетімізде болуы керек. Елге, халыққа пайдалы іс істеумен айналысуымыз керек.


–  Бұл айда зекет тарқатамыз. Мұсылман емес халықтардың өзі осы айдың құрметіне жақсылыққа бір қадам басады. Бұл айда 83 айдан артық мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Бұл ешқандай пайғамбарлардың үмметтеріне нәсіп етпеген. Тек қана Мұхаммед (с.ғ.с) үмметіне нәсіп еткен қасиетті айда бір түн құлышылықпен өткізсе, Алла тағала мың айдан да қайырлы жақсылық пен сауап жазады. 83 жыл бір адамның ұзақ өмірі. Сол үшін келе жатқан қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Алланың риза болатын деңгейінде Рамазан айын өткізуді Алла тағала нәсіп етсін деп тілейміз, – дейді Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев.

Ораза ұстаудың ағзаға пайдасы зор

Диетолог-нутрицолог Майра Базарбайқызы оразаның ағзаға пайдасы жөнінде және оразада дұрыс тамақтану жөнінде тәжірибесімен бөлісті.


(Суретте: Диетолог-нутрицолог Майра Базарбайқызы)

– Біз ашыққан кезде аутофагия процессі басталады. Ол жасушамызға қанша уақыт бойы жиналған белоктармен ағзаның ішкі тамақтануға өтуі. Құрғақ ашыққан кезде барлық вирус, бактерия, паразиттердің өлуіне алып келеді. Себебі, олардың өмір сүруіне су қажет болады. Олай болмаған кезде олар тез өледі. Содан ағза жақсы тағаланып, күш қуатымыз молаяды. Тіпті біз байқамаған созылмалы аурулар емделеді. Кейде олар асқынып барып, емделуі мүмкін, – дейді маман.

Диетолог-нутрицолог дұрыс тамақтануды ұстанып жүрмеген болсаңыз, оразадағы тамақтану түрі сізге қиын не түсініксіз болатынын айтады. Күнделікті химикаттар қосылған не құрамы жойылған тағамдармен емес, барынша табиғи тағамдарды пайдалануға кеңес береді.

– Ораза ұстаудың ағзаға берер пайдасы аса зор. Ораза жасушаны жақсартып, жаңаруына, холестерин, инсулин, лептиннің төмендеуі, асқазан-ішек құрылысының тазаруына алып келеді. Денсаулығыңызға барынша пайдалы болуы үшін тек ораза ұстап қана қоймай, дұрыс тамақтану да маңызды. Мұнда емдік үшін жасалған ас мәзірі емес, тек сапалы дұрыс тамақтануға кеңес беремін. Ораза кезіндегі әлсіздік, бас ауырсынуы, ашығу, шөлдеу ол кез келген адам үшін қалыпты жағдай. Бір жағынан егер сіз оразаға дайындалмаған болсаңыз. Ең алдымен дәрумендеріңізді ретке келтіріп, аутоиммундық аурулар болса емдеп, созылмалы аурулар болса, оны реттемеген болсаңыз, ораза қиындау болады. Бірақ, Алла разылығы үшін тұтқан оразаның сауабы керемет! Бойында көптеген созылмалы аурулары болса да, оразаға ниеті күштілерге Алла тағала өз жеңілдігін беріп жатады, – дейді Майра Базарбайқызы.

Сіздермен диетолог-нутрицолог Майра Базарбайқызының ораза кезінде тамақтану мәзірі, азық-түліктер тізімімен бөлісуді жөн санадық.


Сухур

Сухур – таңғы намаз алдында жейтін ас. Бұл – сүннет! Құранда былай дейді: «Таңнан, қара жіптен ақ жіп ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны күн батқанға дейін ұстаңдар» ( «Бахара» 187-аят). Мұнымен күн мен түннің аралығындағы шекараны айтқан.

Ифтар

Ифтар – бұл кешке күн батар кезіндегі ас қабылдау кез (мағриб). Азан шақырылғаннан кейін бірден сумен және құрмамен ауыз ашу сүннет болып табылады. Содан соң ақшам намазы оқылады. Содан кейін ас ішуге болады.

Оразаға азық-түліктер тізімі:

 


Аптасына 1-2 мәрте жеуге болатын тағамдар:

    Рационнан алып тастайтын тағамдар:



    Ораза кезінде ағзаның детоксын жақсартатын азық-түліктер:

Бұл азық-түліктерді күнделікті жеуге тырысыңыз.


Детокс сусын

Детокс сусынының қоспаларына 2 литр суға 3 жасыл алма, бір тал корица саласыз. Алманы турап, корица екеуін суға салып, араластырып біраздан соң ішесіз.



Сасси сусыны

2 литр таза суға бір қияр зімбірді (имбир) үккіштен өткізіп аласыз. Шамалап жалбыз бір дана лимон қосасыз. Барлығын турап, суға салып, мұздатқышқа 10-12 сағатқа қоямыз. Содан кейін сусынды ішуге болады.


Қышқыл жидектер немесе цитрус қосылған су

Тоңазытқышта сақталған жидектерді ерітіп, содан суға араластырған жөн. Лимон қосылған жылы су детоксикациялаудың ең тиімді және ең жеңіл түрі. Қан қысымы төмен және асқазанның қышқылы жоғарылағанда (язва , гастрит) кезде болмайды. Жидектердің жемістерге қарағанда пайдасы мол. Оларда аниоксиданттар мол, ал фруктоза аз. Егер сіздің инсулиніңіз жоғары болса, (6,0 ден жоғары) және артық салмақ болс,а тіпті жемістерден бас тартып, жидектерге көшкен жөн.


Жидектердің құрамында:

    Сауығу кризисі

Кейбір адамдар дұрыс тамақтанып, денсаулығы жақсарып жатқанда денсаулығында созылмалы аурулары қозып жатады. Аяқ асты жағдайы нашарлап, денесіне безеулер шығып, бас ауыруы байқалады. Бұлар ағзасында көптеген аурулардың болуының әсерінен болады. Бұл емнің жүріп жатқанын білдіреді. Шырышты қабаттың токсин, шлактардың көп болып, солар тоқ ішекке жиналып, содан теріде безеулер шығады. Сол себепті оразаға дайындалған абзал. Ағза қаншалықты вирусты және бактериямен толып қалған болса, соншалықты қаттырақ қозулар болады. Бұл кризис ағзаның энергияға толуы. Саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар секілді потогендер құрғақ ашығуда өліп, өздеріне у бөледі. Содан адамда интоксикация болады. Сондықтан жеке дәрі қобдишаңызда СОРБЕНТ болсын. Оны интоксикация кезінде ауыз ашқанда бірден ішу керек. Ішу мерзімі нұсқаулық бойынша 7 күн. Кері көрсеткіш бауыр ауырғанда болмайды. Жалпы өзіңізді жақсы сезініп жүріп, бірден нашар сезінуіңіз мүмкін. Ол созылмалы ауруларыңыздың қозып, емделуінен болады. Сіз өзіңізде ешқандай ауру жоқ болған деп ойласаңыз, қателесуіңіз мүмкін. Себебі, созылмалы аурулар кейде білдірмей ұзақ созылуы мүмкін. Соның сыртқа шығып, тазаруынан қозу болады.

Ораза кезінде тамақтану ауыз ашу:

Ауыз ашу кезінде таза, жылы суды отырып, дұғаңызды айтып, үш жұтым ішіңіз. Бұл сүннет. Ары қарай екі құрма жеп, (инсулинорезистентность, диабет кезінде болмайды). Содан кейін стақан суыңызды ішсеңіз болады. Маңыздысы, ол кезде ауыр астар ішу, бірақ, аса тоймай төрт бөлікке бөлгенде соның 25% тамақ араласу үшін ауа қалдыру сүннет.


Ифтар:

Маңыздысы өз сезіміңізге мән беріңіз!

Ифтарда жейтін тағамдардың нұсқалары

    СУХУР

Ауыз бекітер кезде жейтін азық-түліктер:

   Ауыз бекітер кезінде жейтін ас түрлері:

Егер қонақта пайдасы жоқ тағам жеп қойсаңыз, мысалы, глютенмен жасалған мәнті. Онда онымен бірге көктерді көбірек жеп, цитрусты су ішіңіз. Бірақ, манты глютенмен күнде болмауы керек.

Сөз соңында айтарымыз ұстаған оразаларыңызды Алла тағала қабыл етіп, денсаулықтарыңызды нығайтсын!

Суреттерді түсірген: Бақытжан Батырханұлы және  pixabay. com сайтынан алынды

Акжан Ибрагимова
Бөлісу: