Рафаэль Надаль карьерасын аяқтайды

Бүгiн, 15:16 112

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль спорттық карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы 2024 жылы қарашада өтетін Дэвис кубогынан соң тенниспен қош айтыспақ.

Үлкен дулығаның 22 дүркін чемпионы Надаль бұған дейін де карьерасын аяқтауына қатысты пікір білдірген. Ол «Ролан Гаррос» алдында бұл турнир өзінің карьерасындағы соңғысы болуы мүмкін екенін де алға тартқан.

Надаль – теннис тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. 38 жастағы испаниялық 209 апта бойы әлемнің бірінші ракеткасы болды, «Ролан Гарросты» 14 рет жеңген. Одан қалды екі рет Олимпиада ойындарында топ жарды. Теннисші карьерасында жекелей сында 92 титул ұтып алған, соның ішінде 36-сы «Мастерс» сериясына тиесілі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: