7 Желтоқсан 2015, 05:02
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бойынша белсенді студенттердің пікірлерін ұсынамыз.
- Бектұрған Мейрамбек, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенті:
- Елбасының халқына арнаған Жолдауы барша қазақстандықтарың жүректерінесенім ұялатты. Себебі қазіргі әлемді толғандырған түйткіл мәселелердің арқасында Қазақстанды алдағыуақытта жаңа даму, жаңа ашылулар күтіп тұрғандығын баса айтып өтті. Теңгені еркін айналымға жіберуарқылы Ұлттық қорымызды толықтыратындығы
- Тайман Данияр, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті:
- Қарашаның 30-жұлдызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын көпшіліктің назарына ұсынды. Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз Мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Тәуелсіздікті нығайту, баянды ету жолында елабасымыз осы жылда бағындырған белестерді қортындылай келе, келер жылға мақсат қойып, сол мақсатқа жетудің амалдарын жолдауында атап көрсеткен.
Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біздің алға қойған мақсатымыз - заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеу, елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанның мәртебесін асқақтату.Келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгу қажырлы еңбекті қажет етеді. Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет.
Қорыта айтқанда, әрбір жыл сайынғы Президент Жолдаулары Қазақстанның мемлекет ретінде қуатын арттыра түсетін басты мақсат-мұраттарғ
- Масгут Олжас, студент ЕНУ имени Л.Н.Гумилева:
- 30 ноября Нурсултан Назарбаев выступил с ежегодным посланием народу Казахстана. По моему это историческое послание президента Республики Казахстан.В послании были затронуты основные цели на ближайшее будущее светлого Казахстана. Глава государства акцентировал внимание на действия страны в условиях мирового кризиса. Нурсултан Назарбаев в своем выступлении призвал казахстанцев жить по средствам, легализовать свое имущество,в особенности за рубежом, выбирать отечественную продукцию.
Президент обьявил, что с 1 января 2016 года будут повышены зарплаты работникам здравоохранения – в среднем до 28 процентов, образования - до 29 процентов, социальной защиты - до 40 процентов,стипендия для студентов увлечится на 20%. Президент обозначил пять основных направлений антикризисных и структурных преобразований: стабилизация финансового сектора, оптимизация бюджетной политики, приватизация и стимулирование экономической конкуренции, основы новой инвестиционной политики, новая социальная политика. Глава Государства отметил, что Казахстан переживал и худшие времена, и нынешний кризис является для нас преодолимым. Президент сказал, все финасовые расходы, должны быть в "Тенге".
И свой отзыв, хочу закончить словами президента: "АЛҒА ҚАЗАҚСТАН, ВПЕРЁД КАЗАХСТАН!"
- Заңғар Орманша, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
- Елбасының жыл сайынғы жолдаулары - еліміздің тәуелсіздігінің нығаюы, мемлекетіміздің нық іргетасын қалаудағы маңызды шаралардың бірі. Еліміз "тәй-тәй" басып, тәуелсіздік туын желбіреткеннен бастап Президентіміздің нұсқаған бағдары мемлекетімізді тек алға жетелеуде. Әрине, егемендікке қол жеткізу оңай емес, алайда оны жаһандану заманында болып жатқан ахуал жағдайында сақтап қалу одан да қиын. осыдан екі жыл бұрын Елбасы "Қазақстан-2050" стратегиялық жоспарын жариялаған болатын. Бүгінде, бұл бағыттың арқасында көптеген мәселелер шешіліп отыр. Президентіміздің осы жолғы жолдауы жаһандану заманындағы текетерістерге бой алдырмас үшін, көбіне антикризистік стратегияға бағытталған. Менің ойымша, Елбасының ұсынған бағыты еліміздің бүгінгі қатерлер мен мүмкіндіктер заманында әрі қарай дамуын шарықтата түспек.
Еліміздің қамы үшін әрбіреуіміздің тамшыдай болсын үлесіміз маңызды. Өйткені, біздің басты мақсатымыз - 30 дамыған елдер қатарына кіріп, тұтқасын нық ұстар "Мәңгілік елге" айналу. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында мемлекетіміз "тар жол, тайғақ кешуде" дұрыс бағыт анықтап, кез-келген сыннан мүдірмей өте алады. Сен еліңе қажетсің, елің саған қажет!
- Ерментаев Аян, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
- Елбасының әрбір Жолдауы ел қамы үшін екені белгілі. Басшының жолдауы да тығырықтан шығар жолды көрсетері сөзсіз. Қысылтаяң уақытта Президенттің көрсеткен сара жолы әркімге қажет. Халықтың басына күн туғанда қиындықтан алып шығар басшының көрсеткен жолы ғана. Н.Ә. Назарбаевтың кезекті Жолдауы да қазақ елі үшін пайдасы мол боларына кәміл сенімдімін.
Теңгенің едәуір құлдырағаны кімге болмасын ауыр тиіп жатқаны белгілі. Бірақ біздің Елбасымыз тұрғанда қандай да бір қиындық болмасын еңсереріміз айдан анық. Бұл Жолдауынан тығырықтан шығудың жолдарын көрсетеді деп сенемін, күйреп жоқ болып кетуі де тікелей патшасына байланысты. Қазақта Назарбаевтай елбасымыз тұрғанда күн санап өркендей берері сөзсіз. Кезекті Жолдауы да игілікке бастары сөзсіз.Тәуелсізд
- Данияр Азамат, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
- 2015 жылдың 30 қараша күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын теледидар арқылы емес, өз көзіммен көріп, өз құлағыммен есту бақыты бұйырды.
Биылғы Жолдауында Елбасымыз Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктерін баса назарға ала отырып, жаһандық дағдарыстың қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер екенін атап өтті. Бұл жолы еліміздің дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет қолданып отырғаны көпшілікке мәлім. Қазіргі дағдарыс уақытында осы тығырықтан шығу үш маңызды - өсім, реформалар, даму ұғымдарымен сәйкес.
Сонымен қатар, Елбасымыз кәсіпкер, іскер азаматтарымызға жекешелендірудің жаңа легіне белсене қатысуды, қаржыны заңдастырып, қуатты ел болу жолында өзіне және өзгелерге жәрдемдесуге кеңес берді. Осы тұста маған ұнағаны - қазақстандық тауарлардың сапалы, ыңғайлы, әдемі әрі арзан болуы қажет екендігіне баса назардың аударылғандығы болды.
Еліміздің болашағы, жаңа әрі жас буыны - біздер! Қазіргі техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның шарықтап тұрған заманында, біздер шеберліктің шыңына жете біліп, білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға дағдылануымыз қажет!