ҚР Білім және ғылым министрі халық алдында есеп береді

21 Сәуір 2016, 09:19

Маңызды кездесу

27 сәуір күні сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев атқарылған жұмыстар жайында есеп береді.

Жиын барысында министр еліміздегі ғылым мен білімнің қандай бағытта дамитыны жайында сөз қозғап, бүгінгі күннің өзекті сауалдарына жауап береді.

Сондай-ақ, шара барысында аталған ведомствоға қарасты департаменттер мен комитеттердің басшылары азаматтарға кеңес беріп, тиісті сұрақтарына жауап береді. Ақпарат алаңы жұмысын сағат 10:00-де бастайды.

Министрдің есептік кездесуі www.bnews.kz ақпараттық интернет порталы арқылы тікелей трансляцияда көрсетіледі.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке сұрақтарды vopros@bnews.kz. электрондық пошта арқылы жіберуге болады.

Бөлісу: