Қызылша жұқтырған бес бала жансақтау бөліміне түсті

18 Қаңтар, 12:00 696

Ақтөбеде қызылша жұқтырған бес бала жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Телеарнасы-на сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы ауыр. Бірақ, жүргізілген кешенді емдеу шараларының арқасында беттері бері қарай бастаған. Олардың ешқайсысы бұған дейін қызылшаға қарсы екпе алмаған. Қазіргі таңда өңірдегі емдеу мекемелерінде 145 науқас жатыр.

Бізге қарасты 13 аудан бар, 13 ауданнан 101 кереует ашқан болатынбыз. Бүгінгі 17 қаңтарға стационарда ем алып жатқандар 145. Ақтөбеде 133, ал аудандарда 12. Соның ішінде балалар 129, ересектер, деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.

Айта кетейік, жалпы осы уақытқа дейін Ақтөбе облысында 30 мың 450 балаға екпе салынған.

Равиль Ашығали
Бөлісу: