Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға көмек көрсету үшін жолға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар Ақтөбе облысындағы құтқару және көмек көрсету жұмыстарын аяқтаған.
ТЖД қызметкерлері Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданының Әйке ауылындағы эвакуациялау-құтқару, көмек көрсету жұмысын тәмамдады. Аталмыш жұмыстарды жалғастыру мақсатында орталық штабтың тапсырмасына орай олар Қостанай облысына қарай жолға шықты. Ақтөбе облысындағы әріптестер Қызылорда өңірінен келген құтқарушыларға алғыс білдірді,-делінген департамент хабарламасында.