Қызылордалық көліктің нөмірінің орнына «НЕТУ» белгісін тағып алған

22 Қараша 2023, 16:39 827

Қызылордада жүргізуші көлігіне мемлекеттік нөмірдің орнына «НЕТУ» белгісін тағып алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Оны «Құқықтық тәртіп» шарасы барысында 21 қараша күні Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары анықтады. Жас жігіт темір тұлпарының алдына заңды мемлекеттік тіркеу нөмірін тақпай, орнына “НЕТУ” деген белгіні іліп алған.

Көлік тізгіндеген 19 жастағы облыс тұрғынына қатысты хаттама толтырылды. Ал ВАЗ-2107 автокөлігі айып тұрағына қойылды.

Осыған байланысты полиция жол қозғалысына қатысушыларды көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзбауға шақырады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: