Қызылордаға ерте пісетін пияздың алғашқы легі жеткізіле бастады

22 Мамыр, 20:04 499

Қызылорда облысына Өзбекстаннан ерте пісетін пияздың алғашқы легі жеткізілді. Көкөніс өңірдің ірі сауда желілері мен әлеуметтік дүкендеріне белгіленген бағамен таратылатын болады, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Маусымаралық кезеңде Сауда және интеграция министрлігі "QazTrade" АҚ-мен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отандық өнім шыққанға дейін ішкі нарықты ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.

Ерте пісетін көкөністердің жеткізілуін сапалы ұйымдастыру мақсатында Өзбекстан мен Тәжікстанның өндірушілерімен көшпелі кездесулер ұйымдастырылды. Өзбекстанның "UZTRADE" АҚ сыртқы сауда компаниясымен келісімшарттар жасалды. Дәл осындай келісімдерге Тәжікстанда Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы экспорт жөніндегі агенттікпен, Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттікпен  қол қойылды.

Зарина Арман
Бөлісу: