Қызылордадағы перзентханада әйел АИТВ жұқтырған

27 Қаңтар, 15:32 451

Әлеуметтік желіде Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында босанғаннан кейін 12 донордың қаны құйылған әйелден бір айдан соң АИТВ-инфекциясы анықталғаны туралы хабарлама пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл жайттан хабардар екені белгілі болды. Бүгін Мәжілісте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова түсініктеме берді.

Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Тиісті тергеу жүргізілуде. Біз ешкімді жауапқа тартпадық деп айта алмаймыз, - деді шенеунік.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: