Қызылордада жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оқушының ажал құшуына – жасөспірімдер арасындағы төбелес себеп болған. 12 ақпан күнгі сағат 15:00 шамасында Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімнің мәйіті жеткізілген.
Тергеу басталып, қажетті сот сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Айдар Қасанов.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.