Қызылордада үш қабатты үйдің екі балконында өрт шықты

19 Тамыз, 22:12 697

Бүгін Қызылорда қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің екінші және үшінші қабатында орналасқан пәтерлердің балкондарында өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, онда тұрмыстық заттар жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, жалынның пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Қызыл жалын аумағы - 0,6 шашр метр.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Перизат Саденова
Бөлісу: