Қызылордада ұрлық жасаған ер адам ұсталды

Бүгiн, 09:40 236

Қызылордада ұрлық жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қалалық полиция басқармасына қала тұрғынынан пәтер ұрлығы туралы арыз түскен. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, ұры түнгі уақытта үйдің пластик терезесін бұзып кіріп, құнды заттарды қолды еткен. Жатын бөлмелерінен алтын бұйымдар, Аpple Watch қол сағатын және ноутбугын ұрлап кеткен. Түскен ақпарат бойынша дереу бағыт-бағдар беріліп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.

Жәбірленушілерге 1 миллион теңгеден аса залал келтірілген. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: