Қызылордада төрт жасар бала 5-қабаттан құлап кетті

11 Шілде, 19:26 930

Қызылорда қаласында 4 жасар бала бесінші қабаттан құлап, бірінші қабаттағы баспалдаққа бір-ақ түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін 5 қабатты тұрғын үйде болған. Бүлдіршін түрлі жарақаттарымен дереу ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ мәліметінше, биыл жыл басынан бері 112 шұғыл әрекет ету қызметі кезекшісінің пультіне балалардың ашық терезелерден құлап кетуі бойынша 102 хабарлама түскен. Оқыс оқиғадан жеті адам қайтыс болды, қалған 95-і әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. 

Министрлік кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.

Перизат Саденова
Бөлісу: