Қызылордада төбелеске қатысқандарға қатысты тергеу басталды

20 Мамыр 2023, 15:21 677

Қызылордада жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ-нің мәліметінше, 20 мамырға қараған түні полицияға қала тұрғындарынан жас жігіттердің арасындағы төбелес жөнінде шақырту түскен көрінеді

Жастардың екіге бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды.Төбелеске қатысқан 12 адамның барлығы анықталды, олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді», - деп жазды ІІМ баспасөз қызметі. 

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша тергеп-тексеру əрекеттері жалғасып жатыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: