Қызылордада сексуалды құлдықта болған 16 жастағы қыз оқиғаның мән-жайын айтты

16 Қыркүйек, 16:04 2134

Қызылорда облысында сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жастағы қыз оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның жантүршігерлік оқиғасын “Не молчи” қоры жариялады. Қордың мәліметінше, қазір қыздың психикалық жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

2022 жылы 10-сыныптан бастап, мен Н. есімді сыныптас қызбен құрбы болдым. Ол біздің үйге қонуға келіп, менің анамды «мама» деп атайтын. Мен де оның үйіне жиі қонуға баратынмын. 2023 жылы жаңа жылға бір апта қалғанда құрбым Н.-мен және оның бөлесі Ж. -мен бірге «Alen» клубында болдық. Ол алкоголь ішіп бастады, сосын бізге ұсынды. Біз келісіп, іше бастаған кезде ол бізді видеоға түсіре бастады. 7 қаңтарға дейін ол менен сұрамай телефонымды ломбардқа өткізіп, ақшасын алып алған. Ал 7 қаңтарда «Djoo Bar»-да құрбым маған менің жалаңаш суретімді түсіріп алғанын көрсетті. Мен бірден өшіріп тастадым. Алайда кейін білгенімдей ол сурет өшпеген екен. 4 ақпанға дейін Ж. менің рұқсатымсыз анкета толтырып, Kyzdar.net cайтына тіркеп тастаған. Мен қарсыласып едім, Н. мен Ж. жалаңаш суретімді отбасым мен жақындарыма көрсететітінін айтып қорқытты. «Біз ақша табамыз, сен жұмысты істейсің» деді, -деді қыз.

Осыдан кейін анкета сайтқа тіркелу үшін уақыт керек болғандықтан, қызға таныстары клубтан жігіт іздеуді талап еткен.

Бұл іспен мүлде айналысқым келмеді. Алайда бұрын суреттерді көрсетемін деп қорқытса, кейін ашық ұрып-соғып, қысым көрсетуді бастады. Ақпан айының соңында менің денсаулығым нашарлай бастады. Алайда дәрігерге қаралуға Н. мен Ж. қарсы болып, тыйым салды, – дейді қыз.

Жәбірленуші екі қыздың айтқанын бұлжытпай орындап, ер адамдарға қызмет көрсетуді жалғасытырп жүрген. Мамыр айында Н. мен Ж. Шымкентке баратын болып, қыздан 300 мың теңге тез арада табуды бұйырған. Сөйтіп олар қыздан әкесінен ақша сұрауға итермелеген. 

Қыздар жәберленушінің оттықпен аяғын күйдірген, майлықты өртеп, оны іш киіміне салып сөндірген, политиленді пакетті өртеп, оның ыстық қалдығын ішіне тамызған. Салдарынан әлі күнге дейін қыздың денесінде күйгеннен қалған тыртық іздері бар.Тек түнде емес, күндіз де жұмыс істеуге мәжбүрлеген, ұйықтатпаған, тамақ бермеген. Қыз ашыққаннан олардан қалған тамақты жеп жүрген.

Қыздың шарасыздығын тағы да басқа айналасындағы адамдар пайдалана бастайды. Оған зәбір көрсетушілердің саны артады. Ілгеріде айтылған екі қыздан бөлек, тағы ер балалар ақша талап ете бастаған. Тауып бермеген жағдайда қызды тіпті өлтіретіндерін айтып қорқытқан. Қажыған қыз шарасыздықтан қайда барып, не істеу керегін білмегенін жеткізді.

Менің денсаулығым нашарлап кеткендіктен, осылай жұмыс істейтін өзге қыздар табуымды талап етті. Таңертең қатты шарасыздықтан Б. есімді таныс жігітке хабарласып, оқиғамды айтып бердім. Ал ол әкеме хабарласып, бәріміз кездесіп, болған жайды баяндаған соң учаскелік полицияға бардық. Кейін бірден қалалық ішкі істер бөліміне барып арыз жаздық, – деп түсіндірді бойжеткен. 

Деректерге сүйенсек оның банктік картасына 1000 транзакция түскен. Анасы мұны көріп қатты шошыған. Себебі ол 1000 транзакция, 1000 ер адамнан деп ойлаған. Жалпы есептегенде барлық ақшаның сомасы 13 миллион теңгені құраған. Қазір қыздың қызметін бірнеше рет пайдаланған 200 ер адам тергелуде.

Бүгінгі таңда зорлық көрген қыз клиникада, неврологиялық емдеуден өтіп жатыр. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: