Қызылордада саябақтағы шамдарды сындырған 5 адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласында 29 тамыз күні таңғы сағат 05:00 шамасында жергілікті тұрғындар Мәңгілік алау саябағындағы жарық шамдарын белгісіз азаматтардың сындырып жатқандығы жөнінде 102 арнасына хабарлама берген.
Хабарлама бойынша күдікті 5 тұлға анықталып, үшеуі ұсталды. Қалғаны іздестірілуде.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.