Қызылордада қылмыс деңгейі төмендеген

19 Қазан 2023, 17:17 573

Қызылордада қылмыс деңгейі төмендеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысының полицейлері 9 айда атқарылған жұмысты қорытындылады. Департамент бастығы Махсудхан Аблазимовтың төрағалығымен өткен жедел кеңеске орынбасарлар, қала, аудандық полиция бөліністерінің басшылары және жеке құрам қатысты. Жедел қызметтің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Облыс тәртіп сақшылары қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмысты болдырмау бойынша тиісті жұмыстар атқарып жатыр. Жедел алдын алу шараларының арқасында бұл мерзімде жалпы қылмыс саны төмендеп, қоғамдық орындарда, көшелерде, мас күйінде, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны азайды.

Мемлекет басшысының Жолдауында полицияға белгіленген міндеттер жүзеге асырылып келеді. Жалпы, облыста қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығы қамтамасыз етілген. Ауыр және аса ауыр қылмыстың, пәтер ұрлығы, мал ұрлығының ашылу көрсеткіші жақсарды. Бұл мақсатта жеке құрамның жұмысы тынымсыз жүріп жатыр. Тәулік бойы олар ел тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіпті бақылайды. Себебі қылмыс пен құқық бұзушылықты азайту, олардың алдын алу – бүгінгі қоғам алдында тұрған басты міндет, – деді департамент бастығы.

Кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары жетекшілік ететін салалары бойынша баяндама жасап, қызмет басшыларының есебі тыңдалды. Департамент бастығы барлық қала және аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы басым бағыттарды жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.

Облыста жыл басынан жол қозғалысын бұзудың 159 мың дерегі, оның ішінде жол апаттарына тікелей әсер ететін автокөлікті құжатсыз басқарудың 655 дерегі анықталса, автокөлікті мас күйде басқарған 600-ден астам жүргізуші ұсталып, көлік құралын жүргізу құқығынан айрылды. Осыған орай, департамент бастығы тиісті қызмет басшыларына жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Бұдан бөлек Махсудхан Аблазимов “Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы” бойынша сөз қозғады.

Ішкі істер министрлігі жұртшылықтың ұсыныс, пікірлерін назарға ала отырып, “Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын” әзірледі. Осы тұжырымдаманың стратегиялық бағыттарында атап көрсетілгендей, негізгі міндет – әйелдер мен балаларды қорғау, көмек көрсету, оларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алудың кешенді жүйесін құру, азаматтардың мүлікке қарсы жасалатын қылмыстардан жапа шегуіне жол бермеу, кибер қылмысқа тиімді іс-қимыл жасау, есірткі қылмысына қарсы күресудің тиімділігін арттыру, қоғамдық орындарда қауіпсіздік деңгейін жақсарту және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу. ​​ Бұл шаралардың барлығы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Яғни құқық бұзушылықтарлың алдын алудың тиімді жүйесін құрып, полицияны қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тиімді ұйымға айналдыры, – деді Махсудхан Аблазимов.

9 айдың жұмысы қорытындыланған жиын соңында департамент бастығы Махсудхан Аблазимов  жеке құрамға Мемлекет басшысының, Ішкі істер министрінің тапсырмаларын орындауда нәтижелі жұмыс жасау қажеттігін тапсырып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді белгіледі.

Равиль Ашығали
Бөлісу: